Құпиялық саясаты
SMP SERVICES – FZCO
Registry code: DSO-FZCO-31040, IFZA Business Park, DDP, Dubai, United Arab Emirates

1. Жалпы ережелер
Осы дербес деректерді өңдеу саясаты SelfStretch («Селфстрейтч») сервисінің құқық иеленушісі (бұдан әрі– Құқық иеленуші) жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеу тәртібін және оларды қорғау шараларын айқындайды.
1.1. Құқық иеленуші өз қызметін жүзеге асыру барысында адамның және адамзаттың дербес деректерін өңндеу кезінде олардың құқықтары мен бостанлықтарын сақтау, оның ішінде жеке өмірінің құпиялылығын, жеке және отбасылық құпиясын қорғауды басты мақсат және негізгі шарт ретінде белгілейді.
1.2. Осы дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі– Саясат) Құқық иеленушінің https://selfstretch.kz веб-сайтына кіретін барлық тұлғалардан алуы мүмкін ақпаратқа қолданылады.

2. Саясатта қолданылатын негізгі ұғымдар
2.1. дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу - дербес деректерді есептеу техникасы құралдарының көмегімен өңдеу.
2.2. Дербес деректерді бұғаттау - дербес деректерді өңдеуді уақытша тоқтау (дербес деректерді нақтылау қажет болған жағдайлардан басқа).
2.3. Веб-сайт - https://selfstretch.kz желілік мекенжайы бойынша интернетте қолжетімді графикалық және ақпараттық материалдар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ететін бағдарламалық өнімдер мен деректер базаларының жиынтығы.
2.4. Дербес деректердің ақпараттық жүйесі - деректер базаларында сақталған дербес деректер мен оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы.
2.5. Дербес деректерді дерексіздендіру - қосымша ақпаратты пайдаланбастан белгілі бір Пайдаланушыға немесе дербес деректер субъетісіне тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін іс-қимылдар.
2.6. Дербес деректерді өңдеу - автоматтандырылған құралдарды қолдану арқылы немесе оларды қолданбай дербес деректерге қатысты жүзеге асырылатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттердің (операциялардың) жиынтығы. Оған жинау, тіркеу, жуйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік беру), дерексіздендіру, бұғаттау, жою және дербес деректерді толықтай жою кіреді.
2.7. Құқық иеленуші - дербес деректерді өңдеуді жеке өзі немесе басқа тұлғалармен бірлесіп ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын және олармен жасалатын әрекеттерді айқындайтын мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, заңды немесе жеке тұлға.
2.8. Дербес деректер - https://selfstretch.kz веб-сайтының нақты немесе ықтимал айқындалатын Пайдаланушысына тікелей немесе жанама қатысты бар кез келген ақпарат.
2.9. Пайдаланушы - https://selfstretch.kz веб-сайтына кіретін кез келген тұлға.
2.10. Дербес деректерді ұсыну - дербес деректерді нақты бір тұлғаға немесе шектеулі адамдар тобына ашуға бағытталған іс-қимылдар.
2.11. Дербес деректерді тарату - дербес деректерді белгісіз тұлғалар тобына ашуға (жеке деректерді беру) немесе жеке деректерді шектеусіз тұлғалар тобының танысуына мүмкіндік беруге бағытталған кез келген іс-қимылдар. Бұған жеке деректерді БАҚ-та жариялау, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде орналастыру немесе өзге де тәсілдермен қолжетімділің бері кіреді.
2.12. Дербес деректерді трансшекаралық беру - дербес деректерді шетел мемлекетінің аумағына, оның мемлекеттік оргнына, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға беру.
2.13. Дербес деректерді жою - дербес деректерді әрі қарай қалпына келтіру мүмкін болмайтындай етіп ақпараттық жүйеден толық жоюға, не дербес деректер сақталған материалдық тасымалдағыштарды жоюға бағытталған кез келген әрекеттер.

3. Құқық иеленуші Пайдаланушының келесі дербес деректерін өңдей алады
3.1. Тегі, аты, әкесінің аты
3.2. Электрондық поштасы
3.3. Телефон нөмірлері
3.4. Туған жылы, айы, күні және туған жері
3.5. Фотосуреттер
3.6. Сондай-ақ сайтта интернет-статистика қызметтері («Яндекс Метрика», «Гугл Аналитика» және басқалары) арқылы келушілердің жасырын (жасырын «cookie» файлдарын қоса алғанда) деректері жиналып, өңделеді.
3.7. Жоғарыда көрсетілген деректер осы саясат мәтінінде Дербес деректер деген жалпы ұғыммен біріктіріледі.

4. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары
4.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеудің негізгі мақсаты - Пайдаланушыға электрондық хабарламалар жіберу арқылы ақпарат беру, сондай-ақ Пайдаланушыға веб-сайттағы қызметтерге , ақпаратқа және/немесе материалдарға қолжетімділік ұсыну
4.2. Сонымен қатар Құқық иеленуші Пайдаланушыға жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар және түрлі жаңалықтар туралы хабарламалар жіберуге құқылы. Пайдаланушы мұндай ақпараттық хабарламаларды алудан кез келген уақытта бас тарта алады. Ол үшін hello@selfstretch.kz мекенжайына «Жаңа өнімдер мен қызметтер мен арнайы ұсыныстар туралы хабарламадан бас тарту» деген белгісі бар хат жібері жеткілікті.
4.3. Интернет-статистика сервистері арқылы жиналатын Пайдаланушылардың дерексіздендірілген деректері Пайдаланушылардың сайттағы әрекеттері туралы ақпарат жинауға, сондай-ақ сайттың сапасын және оның мазмұнын жақсартуға қызмет етеді.

5. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері
5.1. Құқық иеленуші дербес деректерді тек Пайдаланушы өзі https://selfstretch.kz сайтындағы арнайы формаларды толтырған және/немесе жіберген жағдайда ғана өңдейді. Тиісті формаларды толтыра отырып немесе дербес деректерін Құқық иесіне жібере отырып, Пайдаланушы осы Саясатпен келісетінін растайды.
5.2. Құқық иеленуші Пайдаланушының браузер баптауларында рұқсат етілген жағдайда («cookie» файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану қосулы болғанда) Пайдаланушы туралы жинақталған деректерді өңдейді.

6. Дербес деректерді жинау, сақтау, беру және өзге де өңеу тәртібі
Құқық иеленуші дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес келетін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды іске асырады.
6.1. Құқық иеленуші дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және оларға уәкілетсіз тұлғалардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
6.2. Пайдаланушының дербес деректері ешкақан және ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға берілмейді, заң талаптарымен байланысты жағдайларды қоспағанда.
6.3. Егер дербес деректерде нақтылыққа қатысты қателер анықталған болса, Пайдаланушы оларды өзектендіре алады. Ол үшін Құқық иесіне hello@selfstretch.kz электрондық поштасына «Дербес деректерді өзектендіру» деген белгімен хабарлама жіберу қажет.
6.4. Дербес деректерді өңдеу мерзімі шектелмейді. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Ол үшін Құқық иелнушіге hello@selfstretch.kz электрондық поштасына «Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді кері қайтару» деген белгімен хабарлама жіберу қажет.

7. Дербес деректерді трансшекаралық беру
7.1. Дербес деректерді трансшекаралық беруді бастамас бұрын Құқық иеленуші дербес деректер субъектілерінің құқықтары сенімді түрде қорғалатын шет мемлекеттің аумағына беру жоспарланып отырғанына көз жеткізуге міндетті
7.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін шет мемлекеттердің аумағына дербес деректерді трансшекаралық беру дербес деректер субъектісінің жазбаша келісімі болған жағдайда және/немесе дербес деректер субъектісі тарап болып табылатын шартты орындау мақсатында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Қорытынды ержелер
8.1. Пайдаланушы дербес деректерін өңдеуге қатысты барлық сұрақтары бойынша Құқық Иесіне hello@selfstretch.kz электрондық поштасы арқылы жүгініп, қажетті түсіндірмелер ала алады.
8.2. Осы құжатқа Құқық иеленуші тарапынан дербес деректерді өңдеу саясатына енгізілген кез келген өзгерістер енгізілетін болады. Саясат жаңа нұсқа қабылданғанға дейін белгісіз мерзімге қолданыста болады.
8.3. Саясаттың өзекті нұсқасы Интернет желісінде келесі мекенжайда ашық қолжетімділікте орналастырылған: https://course.selfstretch.kz/page/policy.